Елеусіз көрінгенімен тырнақ — біздің денеміздің маңызды бөлшегі. Ол организмдегі көп өзгерістен хабар беріп тұрады. Мәселен:
Тырнақта ақ дақтар болатын болса, адамда темірдефицитті анемия бар деген сөз.
Тырнақ бетінде ұзын сызықтар, көлденең кедір-бұдыр жолақтар бар болса, сізге цинк, кальций, магний жетіспейді. Тырнақтың айналасындағы терінің қабыршақтанып түсе беруі де осы элементтердің жоқтығынан деуге болады.
Тырнақ биік, томпайып өсетін болса тыныс алу жолдарыңызда мәселе бар деген сөз. Тырнағыңыздың асты үнемі көгеріп жүретін болса бұл да жүрек ауруларының алғашқы симптомы болуы ықтимал.
Тырнақтың беті ойық немесе әр жері түсіп қала беретін болса, онда асқазан-ішек жолдарынада инфекция бар. Атап айтқанда, паразит немесе кандида сияқты қауіпті формадағы инфекция болуы мүмкін.
Күнделікті дұрыс тамақтанбау, стресс, микроэлементтердің дефициті, горманалды бұзылыстар да ең әуелі тырнақтың сынғыштығы мен түсінің өзгеруінен көрініс береді. Тіпті, бір дәрі ағзаңызға жақпай, уланып қала жаздасаңыз да тырнағыңыз сарғайып кетуі мүмкін. Шәй, кофе, алкаголь сияқты сусындарға тіуелді адамдардың да тырнағының түсі өзгере бастайды.