Биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілді. Бұл туралы Мәжілісте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Министрдің сөзінше, биылдан бастап сақтандырылмаған азаматтар онкоскринингтен тегін өтуге мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, биылдан бастап скринингтің жаңа 2 түрі енгізілді:
1) жүктілікке дайындық;
2) 50 жастан асқан ерлерде инсульт пен инфарктты алдын алу мақсатында (предгравидаралды дайындық, мойынның артерияларының УДЗ).
Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселені қарастыратын норманы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әзірленген Заң жобасына енгізген.