Басты бет Ақпарат Қазақстандық профессор құлаққаппен жүретін жастарға ескерту жасады

Қазақстандық профессор құлаққаппен жүретін жастарға ескерту жасады

Отандық профессор Райс Төлебаев жастардың көбінің есту қабілеті нашарлап жатқанын айтты. Оның айтуынша, бұған себеп қатты музыка, деп хабарлайды «Абай» телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Абай» телеарнасының «Вечные ценности» бағдарламасына сұқбат берген профессор жастарды физиологиялық музыка тыңдауға шақырды. «Белгілі бір нормативтер бар. Қаттылығы бұл өлшемнен жоғары музыканы тыңдауға болмайды. Ал қазір бәрі құлаққаптармен, телефондармен жүреді. Мұның бәрі есту талшықтарына әсер етіп, ақыр соңында есту талшықтарының деградациясына әкеп соқтырады. Бұрын жасы келгендердің есту қабілеті нашарласа, қазір жасатр естімейтін болып жүр», — деген ол жастарға музыка таңдауда классикаға назар аударуға кеңес берді. 

Exit mobile version