Басты бет Ақпарат Мемлекеттік саяси қызметтерге салалық жоғары білімі жоқтарды алуға рұқсат берілмек

Мемлекеттік саяси қызметтерге салалық жоғары білімі жоқтарды алуға рұқсат берілмек

Бұл жағдайдағы басты талап: үміткердің осы салада кемі 15 жыл тәжірибесі болуы тиіс.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік саяси қызметке үміткерлерді іріктеуді жеңілдетуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жеңілдік қызметке тәжірибелі мамандарды тарту үшін жасалмақ. Құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Өзгеріс жобасына сәйкес, енді үміткердің қызмет саласы бойынша кемі 15 жыл жұмыс тәжірибесі болса, оған бұл салада жоғары білімінің болуы міндеттелмейді.

Ескерту: Бұл жеңілдіктің облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың  әкімдері аппараттарының басшысы лауазымына қатысы жоқ.

Еске салайық, ҚР президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, ҚР Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасуға арналған білімі бойынша талаптарды ҚР президенті әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің тікелей басшысы бекітеді.
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшыларын мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасуға арналған білімі бойынша талаптар міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлумен айқындалады.

 

Exit mobile version