Басты бет Ақпарат ҚМДБ кибербуллингке қатысты шариғат бойынша пәтуа шығарды

ҚМДБ кибербуллингке қатысты шариғат бойынша пәтуа шығарды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы кибербуллингке қатысты шариғат бойынша пәтуа шығарды. 

«Кибербуллинг – бұл интернет немесе басқа да әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы біреуді қорқыту, кемсіту, қорлау. Шариғатта біреуді қорқытуға, қорлауға, мазақ етуге, айыбын ашуға, кемсітуге тыйым салынған», — деп жазылған Діни басқарманың хабарламасында.

ҚМДБ ғұламалар кеңесінің шешімі:

  • Кибербуллингке және буллингтің кез келген түріне шариғат тұрғысынан қатаң тыйым салынады;

  • Әлеуметтік желі, ұялы телефон арқылы жалған ақпарат тарату, оны бөлісу, сондай-ақ біреуді балағаттап, қорлап жазба қалдыру және оған ортақтасып «лайк» басу – күнә іс.

  •  Біреудің жеке жазбаларын, суреттерін, бейнежазбаларын шығарамын деп қорқыту, біреудің дінін не мәдениетін кемсіту тағы сол сияқты кибербуллингі түрлеріне тыйым салынады.

Exit mobile version