Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова Instagram-да қазақстандық авторлардың әндерін қайта қосу мәселесі шешілмегенін айтты.
Оның сөзінше, Қазақстандағы авторлық құқықты басқаратын ұйымдар Meta компаниясымен келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алмаған. Мәселенің негізгі себебі – тарифтер мен төлемдер мөлшеріне қатысты дау.
«Өкінішке қарай, мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Авторлық құқыққа жауапты тараптардың бірі өте қатаң ұстанымға ие, ол ымыраға келмей отыр. Ал Meta да өз шарттарынан бас тартқысы келмейді», – деді ол.