Басты бет Ақпарат Жыланды тірідей жеген азаматқа айыппұл салынды

Жыланды тірідей жеген азаматқа айыппұл салынды

Өзбекстанның Жызақ облысында ер адам жыланды тірідей жеген видеосын желіге жүктеп, экология департаментінің назарын аудартты.

Табиғатты қорғау агенттігінің қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірлесіп, жылан жеген азаматтың жеке басын анықтады. Оның бұл әрекеті «Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану туралы» заң талаптарын бұзу деп саналды. Мамандардың айтуынша, табиғатқа келтірілген шығын 1,1 миллион сумды құраған.

Ер адамға 7,5 миллион сум айыппұл салынды.

Exit mobile version