Басты бет Ақпарат ҚБТУ ғимаратындағы өрт: Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған зал зардап шекті ме?

ҚБТУ ғимаратындағы өрт: Қазақстанның Тәуелсіздігі жарияланған зал зардап шекті ме?

ҚБТУ-дағы өрт кезінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданған тарихи зал зардап шекті ме? Tengrinews.kz тілшісі университетке ресми сауалмен жүгінді.

«Тарихи кабинеттер зардап шеккен жоқ», — деп жауап берген Қазақ-Британ техникалық университетінің баспасөз қызметінің өкілі.

Алайда университет өкілдері тиісті жұмыс істеліп жатқанын айтып, ғимараттың ішінен сурет-видео көрсетпеген.

«Қазір ғимаратта құзырлы органдар жұмыс істеп, бүлінген аумақ бағаланып жатыр», — деді ҚБТУ баспасөз қызметінің өкілі.

ҚБТУ туралы

ҚБТУ ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимарат 1938 жылы салына бастады. Соғыс жылдарында құрылыс тоқтатылып, 1951 жылы қайта жанданды. Кеңес заманында ҚБТУ ғимаратында ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі орналасты. Мұнда Министрлер Кеңесі мен Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті орналасқан болатын.

Exit mobile version