Басты бет Жаңа ой «Ақша алғысы келіп тұрғанын бірден сеземін»: Меруерт Түсіпбаева альфонстар туралы ойын айтты

«Ақша алғысы келіп тұрғанын бірден сеземін»: Меруерт Түсіпбаева альфонстар туралы ойын айтты

Меруерт Түсіпбаева бүгінде қоғамда әйелдің арқасында жағдайын жақсартып алғысы келетін ер азаматтар өте көп екенін алға тартты.

Әнші бұл қазақ жігіттеріне тән қасиет емес екенін айтып, альфонстарды сынап тастады. Өнер иесі мұндай ер азаматтарды маңайына жолатпайтынын жеткізді. «Менің өмірімде альфонстар болған емес. Еркек менен ақша алғысы келіп тұрғанын, менің жағдайымды пайдаланғысы келіп тұрғанын сезсем бірден байланысты тоқтатамын. Негізі қазіргі уақытта ондай адамдар өте көп. Мен көп адаммен араласамын. Сол себепті ондай ер адамдар өте көп екенін айта аламын. Құдай сақтасын бұл жақсы үрдіс деп ойламаймын. Әйелдің арқасында өмір сүріп, әйелдің арқасында жағдайын жақсарту деген мүлдем жақсы емес. Бұл қазақтың жігіттеріне тән қасиет емес», — деді Түсіпбаева Instagram-дағы парақшасында.

Exit mobile version