Әншінің жанкүйерлері оның сырт келбетіндегі өзгерістерді көріп қатты алаңдаушылық білдірді. 31 жасар Ариана Гранде көп салмақ тасаған.
Жақында актриса «Wicked: Жауыз сиқыршы» атты фильмге түскен болатын. Көп салмақ жоғалтуына сол рөлі себеп болы мүмкін. Ол аталмыш фильмді мейірімді перизат Глинданың рөлін сомдап шықты.
Ариана Нью—Йорктегі Ұлттық шолу сыйлығының марапаттау рәсіміне қатысты. «Wicked: батыстан келген сиқыршы« фильміндегі әріптесі Синтия Эривомен бірге ол NBR Spotlight сыйлығымен марапатталды. Осы айтулы шараға қатысқаннан соң көрермендер арықтыңын сынап, бұрынғы сұлу қалпына ұқсамай тұрғанын жарыса жазды. Әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында ұзақ уақыт бойы дұрыс тамақтанбағанын және антидепрессанттар тұтынғанын айтып ақталды.