Басты бет Ақпарат Биік өкшелі туфли қай елде ойлап табылды?

Биік өкшелі туфли қай елде ойлап табылды?

Әйгілі актриса Мерлин Монроның  «Әйелге биік өкшелі аяқ киім бер, ол әлемді өзі-ақ бағындырады» деген сөзі бар. Расында, аяқ киімнің бұл түрі киімге сән беріп қоймай, денені тік ұстап жүруге, арулардың өзін сенімді сезінуіне көмектеседі.  Ал биік тақалы туфли жасау қай кезден бастау алады?

 Орыс жазбаларына сүйенсек біз өкше ең алғаш Ежелгі Египетте 1509 жылы пайда болды. Онан соң өзгеше дизайнмен Грекия жалғастырды.

Биік табаны бар аяқ киімдерді Ежелгі қытай мен Жапониядан да кездестіре аламыз. Мұндай табаны қалың сүйретпелі аяқ киімдер «Гэта» деп аталады. Алайда, ол сәнді көріну үшін емес, ылғалды ауа райына байланысты пайда болған. Осындай биіктеу аяқ киіммен күріш алқабында жұмыс істеу әлдеқайда ыңғайлырақ болды. Қарапайым шаруалар мен монахтар киетін биік аяқ киім кейіннен ақсүйектердің де назарына ілікті.

Көшпенділердің де өз заман талабына байланысты биік өкшелі етіктері болды. Ата-бабаларымыз ат жалында көп жүрген халық болғандықтан үзеңгіге аяқты салып ұзақ отыруға ыңғайлы өкшілі етіктер киген. Осындай тұрмыстық қажеттілікке орай биік тақалы етіктер кигендердің бірі – ковбойлар болатын.

Людовик XIV өз заманында 10 сантиметрден биік аяқ киімдер киюді бастаған алғашқы ер адам. Ол өз байлығын паш ету үшін барынша көзге түсетін, ашық түсті, биік туфлилер киді. Европалық сарбаздар тақалы етік киюді сәнге айналдырды. Ал, ХVI ғасырда  Парижде біз өкшелі аяқ киім кию заңға енгізілді. Талап бойынша, ер не әйел деп бөлінбей, баршаға ортақ кию міндеттелді.

 1680 жылдан бастап өкшенің биік және жіңішке болуын қадағалай бастады. Сонымен қатар, екі аяққа екі түрлі етіп кию стилі үрдіс алды. 1789 жылы алды не артқы бөлігі ашық туфли сәнге енді.

Тек 17 ғасырдан бастап биік өкшелі туфлилерді эстетикалық мақсатта кию – әйелдер арасында сәнге айналды.

ХХ ғасыр туфли жасаудың  жаңа кезеңі болып саналды. Елуінші жылдары «Диор» сән үйі шпилька түрінде жасалған туфлилерін нарыққа ұсынды. Осыдан соң осындай үшкір басты биік тақалы аяқ киімдер әйелдер гардеробының ең сәнді бөлшегіне айналды.

Exit mobile version