Бөгде заттардың тыныс алу жолына немесе асқазан-ішек жолына түсуі ата-аналардың басты қорқынышы. Осындай жағдайға тап болсаңыз сабыр сақтап, тез арада жедел-жәрдем шақырыңыз. Дәрігерлер мұндай жағдайлардың алдын алу үшін бірнеше қарапайым, бірақ тиімді профилактика шараларын қолдануды ұсынды.
Бөгде заттардың түсуінің профилактикасы бойынша ұсынымдар:
1. Ата-аналардың үнемі қадағалауы және назары Ең бастысы баланы, әсіресе ол кішкентай заттармен ойнағанда мұқият бақылау. Ешбір ойыншықтар мен заттар, егер олар жұтылуы немесе тыныс алу жолында тұрып қалуы мүмкін болса баланың қолы жететін жерде қалдырмау керек.
2. Қауіпсіз ойыншықтарды сатып алу Балаңыздың жасына сәйкес келетін ойыншықтарды таңдаңыз. Олар жұтылуы немесе тыныс алу жолына түсуі мүмкін ұсақ бөлшектерсіз болуы тиіс. Кішкентай және оңай ажыратылатын бөліктері бар ойыншықтардан, сондай-ақ өткір бұрыштары бар ойыншықтардан аулақ болу ұсынылады.
3. Балаларға қауіпсіз мінез-құлықты үйрету. Кішкентай кезінен бастап балаларға аузына ұсақ заттарды салмау, сондай-ақ тамақ пен ойыншықтарды ұқыпты ұстау керектігін түсіндіру қажет. Тіпті ерте кезеңдерде де балаға ойын арқылы негізгі қауіпсіздік ережелерін үйретуге болады.
Бөгде затты жұтқан жағдайда не істеу керек: Егер бала кішкентай затты жұтып қойса, оның жағдайын мұқият қадағалаңыз. Көп жағдайда бөгде заттар ас қорыту жолынан асқынусыз өтеді, бірақ егер ауырсыну, құсу, ентігу немесе басқа мазасыздық белгілері пайда болса, дереу дәрігерге қаралу қажет. Егер бөгде зат тыныс алу жолдарында тұрып қалса немесе тұншығатын болса, жедел жәрдем шақырып, медициналық көмек келгенге дейін медициналық алғашқы көмек әдістерін қолдану керек.
«Геймлих әдісі» бір жасқа толмаған балалар қақалған жағдайда жақсы көмектеседі.
Зардап шегушінің арқасынан ұрып-соғу жағдайды нашарлатуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Бөгде зат арқадан соққаннан тыныс алу жолдары бойынша төмен өтуі мүмкін.