Басты бет Ақпарат БАЛА АСЫРАП АЛАТЫНДАРҒА ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ

БАЛА АСЫРАП АЛАТЫНДАРҒА ТАЛАП КҮШЕЙЕДІ

Білім вице-министрі Еділ Оспан Сенаттың 2024 жылғы 19 желтоқсандағы жалпы отырысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуды жоспарлап отырған үміткерлерге қойылатын талаптарды қалай қатайтуды жоспарлап отырғаны туралы айтты. 

Депутат Нұрия Ниязова 2024 жылдың 11 айында балаларға қатысты құқық бұзушылықтар, оның ішінде сексуалдық зорлық-зомбылық саны артқанын, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 890 қылмыс жасалғанын айтты. Сондай-ақ мұндай құқық бұзушылықтардың 99 пайызын ер адамдар жасайтынын атап өтті.

Білім вице-министрі бала асырап алғысы келетін үміткерлерге қойылатын талаптарды қатайту бойынша шаралар кешені әзірленгенін айтты: бұл бала асырап алушылар мен асырап алушының жас айырмашылығын анықтау, бала асырап алушының соттылығы туралы ақпаратты жыл сайын жаңартып отыру сияқты талаптар.

«Асырап алушылар үшін психологиялық диагностика да, аккредиттелген ұйымдар арқылы оқыту да міндетті. Олар кәсіби патронаттық отбасылар сияқты әрекет етеді. Бүгінде бұл түзетулерді мемлекеттік органдар мақұлдап жатыр, түзетулер пакеті Парламентке жіберіледі», — деді Еділ Оспан.

2024 жылдың 18 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі шетелдіктер асырап алған жетім балалардың тағдырына алаңдайтынын айтты. Ол өзінің депутаттық сауалын Бас прокурор мен Премьер-министрге жолдады.

Exit mobile version