Басты бет Ақпарат Аспанға шар ұшырмас бұрыс осы оқиғаны есіңізге алғайсыз. Кливленд қаласында болған экокатастрофа

Аспанға шар ұшырмас бұрыс осы оқиғаны есіңізге алғайсыз. Кливленд қаласында болған экокатастрофа

1986 жылдың 27 қыркүйегінде Кливленд қаласында  «Balloonfest ’86» деген атпен үлкен көлемде фестиваль ұйымдастырылды.  Қала өз атын тарихта қалдыру үшін көк жүзіне  1,5 миллион шар ұшырып, кеш қонақтарын таң қалдырғысы келген еді. 

Көкке шар ұшыру дәстүрі 1984 жылғы АҚШ Олимпиадасынан бастау алған. Спорттық жарыстың ашылу салтанатында шарлардан жасалған  «қош келдіңіздер!» деген жазу әуеге көтерілген болатын. Содан кейін 1985 жылы 17 шілдеде Диснейлендтің 30 жылдығына орай аспанға миллион шар ұшырылды. Осы шармен көмкерілген шоудың барлығын «Balloonfest» компаниясы ұйымдастырған еді. Компания өз рекордтарын жаңарту мақсатымен Кливленд қаласында жаңа шоу жасауға шешім қабылдайды.

Аспанға ұшыруға арналған барлық шарлардың құны — 500 мың долларды құрады.

Алғашында ұйымдастырушылар 2 миллион шарды ұшыруға жоспар құрған. Алайда, ауа-райы болжамына сәйкес 27 қыркүйек күні жаңбыр жауатындығы белгілі болды. Сондықтан, 1,5 миллион шар ғана ұшыру туралы шешім қабылданды.  2500 студент шарларды газбен толтырып, таң атқанша фестивальге дайындалды.

Синоптиктер бұл күні ауа райының аса қолайсыз болатынын ескерткенімен, компания бұл шоуға дайындығын жалғасытыра берді. Халық та ерекше кештің куәсі болуға асық еді. Сол күні уәде етілгендей 1,5 миллион шар аспанға ұшырылды. Алайда, артынша қатты дауыл басталып, шарлар жан-жаққа шашылып, жер бетіне қайта түсе бастады.

Осыдан соң, 50-ден астам көлік апаты орын алды, авто магистральдар жабылды, Кливленд әуежайының барлық рейстері тоқтатылды, Эри көлінің бетін түгелдей дерлік шар қалдықтары басып қалды. Осыған байланысты екі балықшы жағалауға орала алмай көл бетінде ажал құшты. Осылайша, Кливленд қаласы үлкен қоқыс үйіндісіне айналып шыға келді. Ал әлемді таң қалдыруға арналған шоудың соңы қайғылы оқиғамен аяқталды. Табиғат пен жануарлар дүниесі қатты зардап шекті. Шар қалдықтарын тазалауға кеткен шығын мен уақытты өзіңіз шамалай беріңіз…

Exit mobile version