Басты бет Ақпарат Әлемдік тақырыпты қозғайтын кітап қазақ тіліне аударылды

Әлемдік тақырыпты қозғайтын кітап қазақ тіліне аударылды

Әлем әдебиетінің үздік туындыларын қазақ тілінде шығаратын 𝗦𝘁𝗲𝗽𝗽𝗲 & 𝗪𝗼𝗿𝗹𝗱 Publishing баспасы тағы бір туындыны оқырман қауымға ұсынды.  Күні кеше “Сырты бүтін» деп аталатын жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Елордалық «Ozge Epic» креативті хабында өткен тұсаукесер кешіне қоғам белсенділері қатысты.

Бұл кітап — америкалық автор Рейчел Луиз Снайдердің талай жүлдеге ие болған бестселлері “No Visible Bruises” кітабының қазақ тіліне аудармасы. 

Кітап үйдегі зорлық-зомбылықтың шындығын бүкпесіз айтып, көзден таса қалған хикаяларды ортаға салады. Оқырманды бейжай қалдырмай, жанға бататын шындықты жайып салады, әрі өткір талқылауға итермелейді.

Елші Розенблюм кітаптың тұсаукесеріне қатысып, АҚШ-тың Қазақстанның гендерлік зорлық-зомбылықты тоқтату жолындағы күш-жігерін қолдайтынын атап өтті. Өз сөзінде ол: «Гендерлік зорлық-зомбылық — бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс және адам құқықтарын өрескел бұзу. Бұл мәселе тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ Америка Құрама Штаттары мен бүкіл әлем үшін өзекті», — деді.

Exit mobile version