Үндістанның Махараштра штатында жолбарыс егде жастағы фермерге шабуыл жасап, жеп қойған. Ер адамның денесін оның ұлдары орманнан тауып алған, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
The Times of India порталы мәліметінше, 60 жастағы Моханкара күндіз балық аулауға барып, кейін өз фермасына аттанбақ болған. Алайда кешке үйіне оралмағаннан кейін ұлдары дабыл қағып, көмекке ауыл тұрғындарын шақырып, әкесін іздеуге шыққан.
Шамамен 23:00-де адамдар тобы бөлшектенген адамның денесін тапқан. Кейін оның Моханкара екені анықталды. Ол штаттағы жабайы жануарлардың 41-ші құрбаны болған.