Қазақстаннан білікті мамандардың кету себептері төмен табыс пен болашаққа деген сенімсіздік, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылдың 13-24 қарашасы аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониторинг бюросы қазақстандықтардан шетелге кеткен білікті мамандар туралы пікірін анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижесінде эмиграцияның негізгі себептері ретінде елдегі төмен табыс деңгейі, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың нашарлығы және болашаққа деген сенімсіздікті айтылды.
Жүргізілген сауалнаманың негізі себептері төмендегідей:
— Әр бесінші респондент (21%) елден көшу туралы ойлайды. — 6,9% – алдағы 2-3 жылда көшуге ниетті. — 5,6% – көшуге дайын, бірақ әзірге мүмкіндігі жоқ. — 8,4% – белгілі бір жағдай туындаса, көшуді қарастырады. — 78,5% – жақын арада елден кетуді жоспарламайды.
Жас ерекшелігі мен көші-қон ниеті:
— 18-29 жас аралығындағы жастардың 25%-ы көшуге ниетті. — 30 жастан асқан топта бұл көрсеткіш 30%-ға жақын.
Көшу себептері: 1. Жоғары жалақы іздеу – 24,5%. 2. Өздері мен балалары үшін болашаққа сенімсіздік – 23,9%. 3. Жақсы жұмыс табу – 14%. 4. Өзін-өзі дамыту – 13,2%. 5. Сапалы білім алу – 11,7%.
Ресми деректер мен көші-қон статистикасы:
— 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында: — 20 мың адам Қазақстанға көшіп келді. — 10,2 мың адам елден кетті. — Елден кеткендердің ішінде: — Техникалық мамандар – 1,2 мың. — Экономистер – 589. — Педагогтер – 385. — Сәулетшілер мен құрылысшылар – 261. — Заңгерлер – 170.
Респонденттердің көші-қонға көзқарасы:
— 63,3% – шетелге кетуді түсіністікпен қабылдайды. — 11,4% – көшуге қарсы. — 21% – бейтарап пікірде.
Эмиграцияның ықтимал бағыттары:
— АҚШ – 7,7%. — Ресей – 6,2%. — Еуропа елдері – 5,1%. — Түркия – 4,6%. — Канада – 2,6%. — 35% – көшуге қызығушылық танытпайды.
DEMOSCOPE қоғамдық пікірінің эспресс-мониторингінің саулнамасының нәтижесінде білікті мамандардың шетелге кетуін азайту үшін бірнеше ұсыныстар ұсынылды.
- Жоғары жалақы мен жұмысқа лайықты жағдай жасау.
- Сапалы білім беру жүйесін дамыту.
- Қолжетімді медициналық қызмет көрсету.
- Қауіпсіздік деңгейін арттыру қажет.