Басты бет Ақпарат 2025 жылы Ұлттық қордан қазақстандық әр балаға қанша ақша түседі

2025 жылы Ұлттық қордан қазақстандық әр балаға қанша ақша түседі

Қаржы министрі Мәди Тәкиев келер жылы «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға қанша қаржы бөлінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сенаттың жалпы отырысында депутат Нұртөре Жүсіп үкімет пен Ұлттық банк өкілдерінен БЖЗҚ-дағы балалардың шотындағы ақша инфляция мен құнсызданудан қалай қорғалатынын сұрады.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында биыл 1 ақпаннан бастап барлық қазақстандық балаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына Ұлттық қордан алғашқы төлем аударылды. Бұл бағдарламаға 6,9 миллион бала қатысты”. Осы ретте сұрағым бар: Ұлттық қордан мақсатты трансферттерді тарту оның активтеріне және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасының іске асырылуына қаншалықты әсер етеді? Біз болашақта балаларымыздың қалтасына қол сұқпаймыз ба? 2024 жылдың аяғында және алдағы жылдары әр балаға қанша ақша бөлу жоспарланып отыр”, – деп сұрақ қойды сенатор.

Қаржы министрі Мәди Тәкиев балалардың есепшотындағы ақша доллармен есептеліп, сақталатынын, сондықтан оған инфляция әсер етпейтінін айтты. Сондай-ақ ол бұл соманың өсіп жатқанын атап өтті.

“Инвестициялық кіріске биыл 2,6% болды. Келесі жылы бәрі ойдағыдай болса, инвестициялық кіріс 3%-ға дейін жетеді. Балалардың санын ескере отырып, 1 қаңтарда 118-120 доллар көлемінде болатын шығар деген болжам бар. Бірақ мұны 1 ақпанға дейін күте тұрайық. Дұрыстап есептеп, нақтысын айтамыз”, – деді Мәди Тәкиев.

Exit mobile version