Басты бет Ақпарат Байқоңырдан ресейлік зымыран ғарышқа ұшырылды

Байқоңырдан ресейлік зымыран ғарышқа ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы ұшырылып, «Прогресс МС-29» жүк кемесі халықаралық ғарыш стансасының орбитасына шығарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Зымыран Астана уақыты бойынша 17:22-де Байқоңыр ғарыш айлағының 31-алаңынан ұшырылды. Ғарыштық жүк кемесі ХҒС ресейлік сегментінің “Поиск” модулімен 23 қараша күні түйісуі қажет. Екі күнде «Прогресс МС-29» Жерді 34 рет айналып шығады. “Роскосмос” ұйымының мәліметінше, жүк кемесі орбитада 186 күн болады.

Қазіргі уақытта халықаралық ғарыш стансасында жеті адамнан тұратын экипаж жұмыс істейді – Роскосмос ғарышкерлері Алексей Овчинин, Иван Вагнер және Александр Горбунов; NASA астронавтары – Ник Хейг, Дональд Петтит, Батч Уилмор және Сунита Уильямс.

Қазақстан 2025 жылы ғарышқа  өз зымыранын ұшыруды жоспарлап отыр.

Exit mobile version