Ауа сапасы дүниежүзілік индексінің 2023 жылғы рейтингіне сәйкес PM2.5 бөлшектерімен ауасы ең ластанған елдердің қатарында Қазақстан 134 елдің ішінде 40-шы орынға түсті. Бұл туралы Stan.kz ХАБАРЛАДЫ.
Қазақстандағы PM2,5 орташа жылдық концентрациясы бір жыл бұрын текше метрге 23 микрограмммен салыстырғанда 22,2 микрограмм/текше метр болды. Бұл көрсеткіш Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған жылдық орташа ауа сапасынан бірден 4,4 есе жоғары.