Ақтауда шағынаудандардың бірінің атауы өзгеруі мүмкін. Ресми деректерге сәйкес, шағынауданға Анталья атауын беру ұсынылып отыр.
“Бұл шара Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту аясында өтіп жатыр. Түркия аумағында қазақ зиялыларының құрметіне Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Тәттімбет және басқа да танымал тұлғалардың есімдерімен аталған 57 даңғыл, саябақ пен ескерткіш бар”, – деді Ақтау әкімдігі.