Басты бет Ақпарат Депутат мектеп бітірушілер үшін қуанышты жаңалықты айтты

Депутат мектеп бітірушілер үшін қуанышты жаңалықты айтты

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздары «Болашақ» бағдарламасымен бакалаврды оқи алуы мүмкін, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов хабарлады.

«Жұмыс тобының отырысында біз халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жеңімпаздарын қолдау туралы норманы қабылдадық. Бұл өте маңызды түзетуіміз: енді халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары «Болашақ» бағдарламасы аясындағы тиісті талаптарға сәйкес келсе бакалавриат деңгейінде білім ала алады», — дейді Аймағамбетов. 
Exit mobile version