Газлайтинг — бұл психологиялық зорлық-зомбылық пен әлеуметтік паразитизмнің бір түрі, оның басты міндеті — адамды үнемі құнсыздандыратын әзіл-қалжыңдар, айыптаулар мен қорқыту арқылы зардап шектіріп, оның өміріндегі шындықтың рас екендігіне күмәндандыру.
Мизогиния (ескі грек тілінен μῖσος – мизос – «жек көру» және γυνή – гини – «әйел») – әйел жынысына бағытталған өшпенділік пен дұшпандық көзқарас, саясат, философия және мәдиниет. Мизогиния әйел жынысын, яғни әйел атаулыны жек көру, оларды менсінбеу, олардан сескену, оларға сенбеу деген мағынаны білдіреді.
Харассмент– адамға өз қалауынан тыс физикалық қысым жасау, зорлық көрсету, ерсі сөздер арқылы, хабарлама арқылы бопсалау, жыныстық қатынасқа түсуге тарту, адамның арына тиетін сөз айту, жеке шекарасын бұзу.
Ста́лкинг (ағылшын тілінде stalking — аңду) — бір адамның ізіне түсіп, оның еркінен тыс жүріп-тұрған жерлеріне еріп бару. Сол арқылы өз құрбанындағы адамды қорқытып-үркіту немесе оны меншіктек.
Фемицид — (ағылшынша femicidio) немесе (испанша feminicidio-дан) – жыныстық және гендерлік жеккөруден туындаған қылмыс атауы. Мысалы, құрсағында қыз екенін білген әйелдің аборт жасауы, ашаршылық жылдары алдымен қыздардың өлтірілуі және тағы да басқа.
Виктимблэйминг – victim (зардап шегуші) және blaming (кінәлау) деген сөздерден құралған, және айтылуы күрделі сөз. Жәбір көрген адамды басынан өткен ауыр жағдай үшін жазғыру, қылмыскерді емес, құрбан болған адамды кінәлі етіп көрсету деген мағынады қолданылады.