Басты бет Ақпарат Биылғы «Букер» сыйлығы кімге бұйырды?

Биылғы «Букер» сыйлығы кімге бұйырды?

Ағылшын жазушысы Саманта Харви «Orbital» романы үшін 2024 жылдың «Букер» сыйлығын жеңіп алды. Кітап 136 беттен тұрады. Осы сыйлықты жеңіп алған барлық шығармадан ерекшелігі — автор ғарыш станциясындағы алты ғарышкердің бір күнін баяндайды.

«Букер» сыйлығын марапаттау рәсімі Лондон қаласында өтті. Әділ қазылар алқасына жазушы әрі сүретші  Эдмунд де Ваал жетекшілік етті.

Кейде біз бір кітапты оқып, ондағы тамаша оқиғаға сенер-сенбесмізді білмей, таң қалған күйде қаламыз. Біз бір ауыздан осындай адамға ерекше әсер қалдыратын, резонанс тудыратын шығарма іздедік, — деді Ваал.

«Orbital» шығармасы — жер шарының кереметтілігін танытатын және әлеуметтік, жеке құндылықтар туралы ойлануға шақыратын ықшам да болса, мазмұнға бай хикая.

Бұл марапат қаламгерлерге дәстүрлі түрде 1969 жылдан бері беріліп келеді.

 

Exit mobile version