Басты бет Жаңа ой «Қазақ аруы -2024» атағын кім иеленді?

«Қазақ аруы -2024» атағын кім иеленді?

Қызылорда облысының тумасы, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы-2024” атанды. Оған тәж кигізіліп және арнайы шапан сыйға берілді. Бұл шапан — Аида Кауменованың дизайнерлік туындысы. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген.

Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Ақерке Серікжан иеленсе, ал үшінші орын алматылық Назерке Мырзағалиеваға бұйырды.

Биыл байқаудың ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдағаны. Себебі бұған дейін кім Қазақ аруы атанатынын қазылар алқасы анықтаған.

Exit mobile version