Қазақ ән өнеренің ең ғажап туындыларының бірі — Самалтау әні. Ел аузында бұл туындыны халық әні деп атап кеткен. Ән 1916 жылы жазылған деген дерек бар.
ІІ Николай патша билік құрған тұста қазақ даласында Ұлт-азаттық көтеріліс болғаны белгілі. Көтерілістің себебі — бұратана халықты соғыстағы тыл жұмысына жіберу туралы патша жарлығы болатын. Самалтау — туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған қазақ жігіттің әні. Әнде жігіттің кіндік қаны тамған жерге деген сезімі мен жан күйзелісі көрініс тапқан. Ең қызығы, әнге арқау болған «Самалтау» қай өңірде екені әлі күнге дейін белгісіз.