Блогер Айшолпан Байтүгел «Мамский әңгіме» подкастында қонақта болып, кино саласына қалай келгені туралы айтып берді
«Мен қатты қарызға кіріп кеттім. Өзім бұрыннан күлдіруге икемім бар екенін білетін едім. Өз ортамдағы адамдар да қолымнан келетінін айтып жүрді. Бірақ, бірнәрсе бастауға қатты ұялдым. Өмірің ақшаға ұяттың бәрі сейіледі екен. Елге күлкі болмайын, мен ондай ештеңе түсірмеймін деп жүрген ойымнан айныдым. Менде күніне ТикТоктан, стримнен 5-10 мың теңге тауып отырсам болды деген мақсат болды. Маған осы жеткілікті. Кейін тұрмысқа шығып кетем, бала туып, декретте отырам, болды. Өмірдің мақсатымының шыңы сол болды. Әйтеуір біреуге тұрмысқа шығып алсам болды деп ойладым. Біздің өңірлерде қазақтың қыздарының көбінің ойы сондай. Әсіресе, мен оңтүстіктенмін. Бізде сондай менталитет әлі күнге дейін бар.
Блогер кейін әлеуметтік желідегі белсенділігінің арқасында танымалдылыққа ие болып, қазақстандық кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипованың «Келінжан», «Күзде келген көктем» сериалдарына түсуге шақырту алған болатын.
Жас актриса жақында эпизодтық рөлдерден бөлек, денсаулығында ақауы бар қыздың рөлін сомдап шығармашылығын шыңдап жатқанын, кәсіби қырынан көрінуге тырысып жатқанын да тілге тиек етті.