Басты бет Жаңа ой Фариза Ескермес «Нұрикамал» фильмін сынап жатқандарға жауап берді

Фариза Ескермес «Нұрикамал» фильмін сынап жатқандарға жауап берді

Жақында Ернат Байұзақтың «Нұрикамал» атты фильмі көрерменге жол тартты. Кинокартинаға «Нұрикамал» әнінің шығу тарихына негізделген өмірден алынған оқиға арқау болған. 

Алайда, фильмді «көзге шөп салуды насихаттайды» деп сынап жатқандар да табылды. Осыған байланысты Нұрикамалдың рөлін сомдаған актриса Фариза Ескермес өз парақшасында жазба қалдырды:

Кино — адамның ішінде жүрген ауыр ойларын емдейтін психологтың сеансы емес. Кино — тәрбие беру системасы немесе білім беруші контент емес. Бұл — өнер. Ол жерде бәрі болуы мүмкін. Ондай болмаса, Анна Каренина, Абай өмірі неге экранизацияланды? Кинода көп дүниені көрсетуге рұқсат етілген. Өз өміріңіздің жауапкершілін киноға артып қоймаңыздар. 

Не үшін кинода әртүрлі жанрлар бар? Егер сіздер тек жақсы аяталатын, мейірім мен махаббат туралы ғана кино көргілеріңіз келсе, кино өнері жойылып кеткен болар еді. Өмірдің өтірігін, қатігездігін, қызғаныш пен қорқынышты, сараңдық пен өлімді басқа қайда көрсетеміз? 

Нұрикамал — өмірден алынған оқиға. Біз ештеңені романтизациялап жатқанымыз жоқ. Біз тарихта болған дүниені ғана көрсетуге тырыстық. 

Exit mobile version