Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында «Менің атым Қожа» кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.
Кітапты аударған жазушы, аудармашы И.Гогье романның Экзюмперидің «Кішкентай ханзадасымен» ұқсастығын айтты.
Конференцияға ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Эрнесто Оттоне, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы Қазақстан өкілі Бақытжан Омар қатысты.
Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді.
«70 жыл бұрын болған оқиғаны аудару оңай емес. Сол заманның тарихына сүңгисің. Бірақ роман өз қуатын сақтаңан. Балалар ғана емес, ересектер де оқитын кітап. Романныі ерекшелігі жазушы сол дәуірді бала көзімен әңгімелеп берді» — деді аудармашы.
ЮНЕСКОның Мәдениет жөніндегі бас директорының орынбасары Эрнесто Оттоне Бердібек Соқбақбаевтың шығармашылығын жоғары бағалады.
Жазушы Альберт Фильшер:
«Қазақ әдебиеті әлемге енді ашалып жатыр деу қате. Әбдіжәміл Нұрпейісов, Шыңғыс Айтматов, Олжас Сүлейменовтердің шығармашылығы бізге жақсы таныс,» — деді.