Басты бет Ақпарат Димаш Құдайберген Франциядағы мемлекет басшылары жиналған жиында ән шырқады

Димаш Құдайберген Франциядағы мемлекет басшылары жиналған жиында ән шырқады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Франция Президенті Эмманюэль Макрон кеше Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізген болатын.

«Әлемге әйгілі әншіміз Димаш Құдайберген жиналған қауымды әсем әнімен тәнті етті.» Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында бөлісті.

Эмманюэль Макрон мен оның зайыбы Бриджит Макрон қазақ делегациясына ерекше қонақжайлық танытқан көрінеді.

➤ Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылыпты. Арасында біздің Димаш Құдайберген мен Елдос Сметов те бар.

ъ

Exit mobile version