Бұл фильм Макс есімді азамат туралы. Ол босуақытының бәрін кішкентай қызына арнайды. Стюарта Хэзелдайн түсірген фильм Уилльяма П. Янг жазған кітаптың желісін негізге алған. Фэнтези жанрындағы туынды адамды терең ойға жетелейді.
Жаңбырлы түнде төрт әртүрлі жастағы адамға бейтаныс адам жолығады. Ол бұл адамдарға бос қонақүйде бір апта уақыт өткізуді ұсынады және оларға тағдырларын өзгертуге мүмкіндік береді. Төртеудің жұмбақ жетекшісі кім? Өмірден үмітін үзген олра тіршілікке қайта құштар бола ала ма? Жауабын осы фильмнен таба аласыз.
Джим Керри басты рөлді сомдаған фильмді көңілді комедия деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда, «Труман шоуы» — өмірдің трагедиясын ашатын нағыз философиялық туынды. Өмірі телешоуға айналған адамның қуанышы мен күйзелісін суреттейтін кинокартина көп көрерменнің жүрегіне жол тартты.
Фильм Ричард Мэтисон есімді жазушының «Армандар қайда апарады?» атты кітабының желісінде түсірілген. Бас кейіпкер Крис Нилсон жол апатына ұшырап, ешқашан өлмейтін ғажайып күшке ие болады. Фантасикалық оқиға баяндалғанымен, фильм шынайы өмірде махаббатың қадір-қасиетіне жетуге үндейді.