Әлеуметтік желіде жарияланған видеода шөл далаға қар жауып, ерімей жатқанын көруге болады. Сауд Арабиясының солтүстігіндегі шөлде бұршақ аралас қар жауған.
Мұндай ауа райы елде 2 қараша күні болған. Ұлттық метеорологиялық орталықтың мәліметі бойынша, елдің солтүстік бөлігіндегі осындай күн райы дүйсенбіге дейін сақталады. Синоптиктер найзағай, нөсер және су тасқыны болуы мүмкін екені туралы да ескертті.