Басты бет Ақпарат Әлем әдебиетінің шедеврі қазақ тіліне аударылды

Әлем әдебиетінің шедеврі қазақ тіліне аударылды

Астанада әлемдік бестселлер — Дэниел Киздің «Алжернонға арналған гүл» атты романы қазақ тіліне аударылып, оқырманға жол тартты. 

Кітапты аударуға және басып шығаруға ат салысқан — Allur қазақстандық автомобиль компаниясы және «Мазмұндама» баспасы.

«Бұл аударманы жүзеге асыру басқа жұмыстармен салыстырғанда қиындау өтті. Себебі, бұл кітап ақыл ойының дамуында кемшілігі бар, орфография мен пунктуацияның қережелерін білмейтін, қалай естісе, солай жазатын баланың күнделігі ретінде жазылған.» — дейді кітапты ана тілімізде ұсынған аудармашылар. 

Кітаптың ашылу салтанатына Ғазиза Құдайберген, Шыңғыс Мұқан, Айгүл Ахметова, Перизат Мырзахмет қатысып, ағылшын тіліндегі әдебиетті қазақ тіліне жатық аудару мәселесін талқылады.

«Кітапты қазақ тіліне бейімдеу процесі 2018 жылы басталып, оның үш жылы қажетті құқықтарды алуға жұмсалды. Сондай-ақ кітаптың стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты аудармаға да айтарлықтай уақыт қажет болды», — дейді баспа қызметкерлері.

Exit mobile version