Басты бет Ақпарат Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде Жапонияны басып озды

Қазақстан бәсекеге қабілетті елдер рейтингінде Жапонияны басып озды

Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығы (World Competitiveness Center, WCC) жасақтаған рейтингте Қазақстан бәсекеге қабілетті алғашқы 35 мемлекет қатарына қосылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі WCC-ге сілтеме жасап. 

Швейцарияда орналасқан Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) жанындағы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығы (World Competitiveness Center, WCC) рейтингте барлығы 67 мемлекетті қамтыған. Қазақстан соның ішінде 35-орынға көтерілді.

Көш басын Сингапур бастап тұр. Тізімді ары қарай Швейцария, Дания, Ирландия, Гонконг жалғайды. Одан кейін Швеция, БАӘ, Тайвань, Нидерланды, Норвегия елдері алғашқы ондықта. 

Exit mobile version