Басты бет Ақпарат Алматыда «Түн ортасындағы кітапхана» атты кеш өтті

Алматыда «Түн ортасындағы кітапхана» атты кеш өтті

24 қазан күні Жамбыл атындағы қалалық кітапханада «Кітапхана түні» атты шара өтті. Жамбыл кітапханасы еліміздегі тәулік бойы қызмет көрсететін тұңғыш кітапхана екенін айта кеткен жөн. Аталмыш шараның өткізілу мақсаты — еліміздегі оқырмандардың белсенділігін арттырып, оқуға деген қызығушылығын ояту. 

Жастар кітапхананы екінші үйіне келгендей жақсы көріп кетуі үшін кітапхана ұжымы оларға ұнайтын атмосфера жасаған. Бұл кеште кітап таныстырылымдары, кітап авторларымен жүздесу сияқты бірнеше игі шара қатар өтті. Мәтт Хейгтің «Түн ортасындағы кітапхана» және Нәзипа Құлжанованың «Қазақ әйелдеріне манифест» атты кітаптарының тұсауы кесілді. Кеш түрлі әдеби-мәдени бағыттағы танымдық кездесулер, қоғамдық лекциялармен жалғасты. Сонымен қатар, «Алқа», «Зият», «Steppe and world» баспаларынан шыққан жаңа кітаптар сатылымға шықты. Кеште жылдың «Үздік оқырманы» анықталып, арнайы сыйлықпен марапатталды.  Оқырмандарға Алматының символы саналатын апорт алмалар үлестірілді.

Кеш туралы толығырақ білу үшін кітапхана қызметкері Нұрлыхан Жұмаханмен тілдестік:

Бұл кеш қашаннан бері ұйымдастырылып жүр?

— “Кітапхана түні” жобасы 2022 жылдан бері “Ғажайып ғаламшар” атауымен тұрақты өткізіліп келеді. Бірақ биыл “Түн ортасындағы кітапхана” деген тақырыппен өткіздік.

Биылғы “Түн ортасындағы кітапхана” несімен ерекшеленді?

— Биыл біз басымдықты кітап оқыту мен оны жарнамалауға бердік. Сосын Мәтт Хэйгтің “Түн ортасындағы кітапхана” кітабындағы басты кейіпкер Нораның прототипіне ұқсас оқырмандарды қонаққа шақырдық. Соның бірі Taugashyq жобасының авторы Ернат Темірбек. Ол өмірден өз сүйікті ісін тапқан жан. Қазір көз ілсепес жылдам заманда қай қайсымызға болмасын жанымзаға медеу болатын жылыу, ізігілік іздейміз. Осы нәрсені кітапханадан табуға болатыны туралы месседж тастағымыз келді.

Оқырмандардың белсенділігі қай деңгейде? Кітапханаға жастар жиі келе ме?

— Жалпы кітапханаға күніне 400-1000 дейін келіп-кетуші келеді. Олардың күніне 30-40 пайызы кітап айналымын жасайды. Ол кітапты өткізу және үйге алу. Кітапхана 14 жастан асқан оқырмандарды қабылдайды. Сондықтан бізге мектеп оқушылары мен студенттері көп келеді. Демек 14-20 жастағы оқырман көп.

 

Exit mobile version