Басты бет Ақпарат «Қошқар мүйізден» басқа қандай ою білесіз?

«Қошқар мүйізден» басқа қандай ою білесіз?

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде айрықша орын алатын өнер түрі — ою-өрнек салу. Халқымыз тұскиіз, текемет, көрпеден бастап, тұрмыстық заттарын, ыдыс-аяғын, күнделікті киім-кешектерін  оюлармен өрнектеген. Қазір сол оюлардың біразы ұмытылып бара жатқаны жасырын емес. 

Сондықтан, Жанғазы Сейдахмет есімді жас дизайнердің парақшасынан алынған сирек кездесетін немесе жиі көріп жүрсек те атауын білмейтін оюлардың суретімен бөлісуді жөн көрдік.

Қазақ қолданбалы өнерін зерттеуші ғалымдар халқымызда ұлттық ою-өрнектердің 230 түрі бар екенін алға тартады. Солардың ішінде ұлттық өнерде ең кең тараған түрі – мүйіз тектес ою-өрнектер екен. Оларға: «қошқар мүйіз», «арқар мүйіз», «бұғы мүйіз», «қырық мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз», «сынық мүйіз», «төрт құлақ», «түйе табан», «сыңар өкше», «қос алқа», «құс қанаты», «қаз-табан» сынды ою түрлері жатады. Колөнер шеберлері аталған ою-өрнектерді шебер үйлестіріп, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланған.

«Табақ» оюы
«Самаурын» оюы
«Түйетабан» оюы
«Торсық» оюы

Басқа да ою-өрнек түрлерін дизайнердің парақшасынан көре аласыздар: https://www.instagram.com/gozin.birdman?igsh=ZmdtZG0wMG1uMXM0

 

Exit mobile version