Басты бет Ақпарат Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» атауына өзгертті

Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» атауына өзгертті

Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Мағжан Жұмабаев

Түркияның білім министрлігі оқу бағдарламасына өзгеріс енгізіп жатыр. Соған сәйкес, «Орталық Азия» термині «Түркістан» деп өзгертіледі. Бұл туралы TRT хабарлады.

 

«Түркияның ұлттық білім министрлігі тарих бойынша оқу бағдарламасына түбегейлі өзгеріс енгізілгенін хабарлады. Соған сәйкес, «Орталық Азия» термині «Түркістан» деп өзгереді. Сарапшылар бұл шешім болашақ ұрпақ арасында ұлттық сана мен патриотизмді нығайтуға бағытталғанын айтады, — деп жазды басылым.»

Білім министрлігінің шешімін түсірдірген түркиялық сарапшы Рамин Садык Түркия сөзі де, Түркістан сөзі де түркілер тұратын аймақты білдіретініне назар аударған.

Сарапшы түркі әлемі үшін ортақ тарих, география, әдебиет, карта мен әліпби құру жөніндегі белсенді қадамдар кезеңінде ұлттық білім министрлігінің «Түркістан» терминін оқулықтарға, оның ішінде балаларға енгізу туралы шешімді елеулі өзгеріс деп атады, — деп жазды TRT.

«Түркістан» – ежелгі термин. Тарихи дереккөздерге жүгінсек, бұл терминнің алғашқы ескертулері 639 жылы кездеседі. Бұл жағдайда ол «түркі елі» дегенді білдіреді. Бұл Еуразияның кең аумағында түріктер үстемдік еткен кезең болды. Бұл термин қағанат түріндегі мемлекеттерімен бірге ұлы түріктер саяси аренадан жоғалып кеткеннен кейін де жалғасын тапты. Ол Қараханидтер әулеті кезінде кең таралды, содан кейін бұл термин ХХ ғасырдың басына дейін болды.

Exit mobile version